Қазақстанның – бірінші, әлемнің 26-ракеткасы, 26 жастағы Александр Бублик бастапқы кездесуін өзінен екі жасқа үлкендігі бар, дүниежүзілік рейтингіде 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдпен өткізеді.
Бұл А.Бубликтің өз спорттық жолындағы ең ірі табысы – Галле (Германия) ATP 500 турнирінде чемпион атанғаннан кейінгі бірінші ойыны болмақ. Сол жеңісті жолын жалғастыра ала ма, оны бүгінгі ойын көрсетеді.
М.Макдональд осал қарсылас емес. Уимблдон алдында Истбурн жарысында жартылай финалға дейін жетіп, соның нәтижесінде бүгін жаңартылған әлемдік рейтингіде бірден он сатыға жоғары көтерілді.
Бублик – Макдональд матчы Астана уақытымен сағат 19.30-да басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Уимблдон турниріндегі қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.
Уимблдон алдында қазақстандық теннисшілердің рейтингідегі орны жарияланды.
Лондондағы баспасөз мәслихатына қатысқан Елена Рыбакина Уимблдондағы алғашқы қарсыласы туралы пікір білдірген еді.