Уимблдон: Елена Рыбакинаның екінші қарсыласы анықталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакинаның Уимблдон турниріндегі екінші қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 47-ракеткасы, Франция өкілі Ализе Корне бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған жапониялық Нао Хибиномен өткізді.

Жаңбырға байланысты бір күн кейінге қалдырылған матчта А.Корне 6:2, 6:2 есебімен оңай жеңіске жетті. Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған бәсеке барысында ол 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 1 брейктен аса алмады.

Е.Рыбакина – А.Корне матчы 6 шілде күні өтетін болады.

Лондонда жаңбырдың жиі жаууы кестеге өзгерістер енгізіп жатыр. Сол себептен Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик пен рейтингте 48-сатыдағы америкалық Джеффри Джон Волфпен кездесуі 6 шілдеге қалдырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Роджер Федерердің Елена Рыбакинаның жеңісіне қол соққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады.

Уимблдонда Юлия Путинцева қарсыласына жол берді.

Тимофей Скатов Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты.