Уимблдон турнирі: Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысының финалына жолдама алды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 251-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Уимблдон турнирінің іріктеу сайысында екінші кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында әлемнің 137-ракеткасы, германиялық Янник Ханфманнан айласын асырды.

Бір сағат 24 минутқа созылған матчта Бейбіт 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 19 эйспен бірге 2 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайысының финалында әлемнің 200-ракеткасы, жапониялық Джеймс Кент Троттер немесе рейтингіде 239-сатыдағы франциялық Люка 

Павловичтің қай жеңгенімен шеберлік таластырады. Келесі қарсыласын ұтса, негізгі жарысқа жолдама алады.

Бүгін тағы бір қазақстандық, әлемнің 190-ракеткасы Михаил Кукушкин рейтингіде өзінен төрт саты төмен тұрған даниялық Аугуст Хольмгренге жол берді - 6:4, 6:7 (4:7), 2:6.

Ал рейтингіде 212-орындағы Тимофей Скатов әлемнің 144-ракеткасы, бельгиялық Александр Блоксқа есе жіберді - 4:6, 5:7.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонның іріктеу турнирінде Бейбіт Жұқаевтың алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.