«Уимблдон» турнирі: Я.Шведова ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда теннистен «Уимблдон - 2015» ашық чемпионатында бастапқы раунд ойындары жалғасуда.

Бұл туралы sports.kz. жазды.

Қазақстанның атынан шыққан Ярослава хорватиялық Мирьяне Лючич-Барониден 5/7, 7/6, 5/7 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кейси Делакуамен бірге жұптық бәсекеде жеңіске жеткен болатын. Жарыстың алғашқы айналымында Шведова мен Делакуа польшалық-канадалық Алисия Росольска - Габриэла Дабровски дуэтін екі партияда 6:4, 6:4 есебімен ұтқан еді.