Оның американдық теннисші, әлемнің 30-ыншы ракеткасы Мэдисон Киспен кездесуі сенбі күні 7:6, 6:6 болып тұрған жерінен қараңғылықтың түсуіне байланысты кейінге қалдырылған болатын. Бүгін М.Кис жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Я.Шведова төртінші айналымда неміс қызы Сабин Лисицки немесе сербиялық Ана Ивановичтің бірімен кездеседі. Бұған дейін «үлкен дулығаның» төртінші айналымына өз өмірінде бірінші рет Зарина Дияс шыққан болатын. Оның қарсыласы әлдеқайда мықты - әлемнің үшінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп. Австралияның биылғы ашық чемпионатында Зарина осы теннисшіге жол берген еді. Егер Я.Шведова мен З.Дияс бұл қарсыластарын ұтатын болса, онда ширек финалда өзара жолығысады.
17:13, 30 Маусым 2014
Уимблдон турнирінде Я.Шведова мен З.Дияс келесі қарсыластарын ұтса, өзара кездеседі
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін қазақстандық теннисші Ярослава Шведова да Уимблдон турнирінің төртінші айналымына шықты.