ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Уимблдон турнирінде қазақстандық теннисші Зарина Дияс франциялық Кристина Младеновичті ұтты.
www.championat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина қарсыласын 7:6, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Келесі айналымда қазақ қызы әлемдік рейтингте өзінен әлдеқайда жоғары тұрған испаниялық теннисші Карла Суарес-Наварромен шеберлік байқасады.
Мұның алдында Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова чехиялық Кристина Плишкованы үш партияда ұтқан болатын. Оның ендігі қарсыласы - эстониялық Кайя Канепи.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).