НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Жанель Рүстемова Уимблдон жасөспірімдер турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, осылайша «Үлкен дулыға» жарысының іріктеу сайысында тағы бір қазақстандық спортшы ойнайтын болды.
Аружан Сағындықова алғашқы айналымда ұлыбританиялық Софья Джонсонмен шеберлік байқасады.
Сандуғаш Кенжебаева тағы бір корт иесі Руди Куллингтен өтуге тырысып көреді. Ал Жанель Рүстемованың қарсыласы - үндістандық Шрути Ахлават.
Бірінші айналым матчтары бүгін басталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшілердің Уимблдон жасөспірімдер турнирінде ойнайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ қазақстандық теннисші Уимблдон турнирін сәтті бастады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).