ЛОНДОН. KAZINFORM – 1-14 шілде аралығында Лондонда өтетін Уимблдон турнирінде қазақстандықтар Александр Бублик пен Александр Шевченконың қарсыластары белгілі болды.
Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Александр Бублик бастапқы кездесуін рейтингіде 85-орындағы чехиялық, 18 жастағы Якуб Меншикпен өткізеді. Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 58-сатыдағы Александр Шевченко алғашқы айналымда әлемнің 16-ракеткасы, франциялық Уго Умбермен кездеседі.
Әлемнің 1-ракеткасы, италиялық Янник Синнер германиялық Янник Ханфман, рейтингіде екінші орындағы испаниялық Карлос Алькарас эстониялық Марк Лаялмен, сербиялық Новак Джокович чехиялық Вит Копривамен ойнайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Германиядағы жарыстың жартылай финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Уимблдонда Рыбакина мен Путинцеваның қарсыластары анықталды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).