Уимблдонда Елена Рыбакинаны жеңген Онс Жабер финалға шықты
Бірінші жартылай финалда әлемнің 42-ракеткасы, чехиялық Маркета Вондроушова мен рейтингте 76-орында тұрған Элина Свитолина бақ сынады.
Бұл ойында чехиялық спортшы сенімді өнер көрсетіп, 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, М.Вондроушова спорттық жолында екінші рет «Үлкен дулыға» турнирінің финалына шығып отыр.
Ол 2019 жылы Ролан Гарроста шешуші бәсекеде аустралиялық Эшли Бартиге жол берген еді.
Екінші жартылай финалда әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко мен рейтингте 6-сатыдағы тунистік Онс Жабер кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте А.Соболенко басымдылық танытты – 7:6 (7:5). Ол екінші сетте де 4:2 есебімен алда тұрды, бірақ сол мүмкіндігін пайдалана алмады. Бұдан кейін сәтті ойнаған Онс Жабер 6:4, 6:3 есебімен қарсыласын қапы қалдырды.
Сөйтіп, финалда О.Жабер мен М.Вондроушова бас жүлдені сарапқа салады.
Өткен жылы финалда қазақстандық Елена Рыбакина тунистік теннисшіні ұтқан еді. Алайда биыл О.Жабер ширек финалда Е.Рыбакинадан айласын асырып кетті. Енді ол чемпион атанатын болса, Еленаны ығыстырып, әлемнің 3-ракеткасы атанады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілер Уимблдонда қанша табыс тапқанын жазған едік.
Елена Рыбакина енді АҚШ-тағы турнирлерге дайындалатынын айтты.
Даниал Рахматуллаев әлемдегі үздік 200 жас теннисшінің қатарына кірді.
Тимофей Скатов жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына өтсе, Юлия Путинцева Швециядағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.