Уимблдонда қазақстандық жасөспірім қыздар ширек финалға шықты
ЛОНДОН. KAZINFORM – Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбекова мен Соня Жиенбаева жұптық сында жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық жұп екінші айналымда словакиялық Рената Ямрихова – жапониялық Эни Койкемен сынға түсті.
Бірінші партияда Арыстанбекова – Жиенбаева 6:2 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде Ямрихова – Койке қарымта қайырды – 6:3. Супер тай-брейкте Асылжан мен Соня жеңісті жұлып алды – 10:6.
Асылжан Арыстанбекова – Соня Жиенбаева жартылай финалға шығу үшін чехиялық Джули Пастикова – германиялық Юлия Штузекпен таласады.
Жекелей сында С.Жиенбаева үшінші айналымда жасөспірімдер арасында әлемнің 1-ракеткасы, сол Р.Ямриховаға жол берді – 5:7, 4:6.
Сондай-ақ Әмір Омарханов жекелей сында жасөспірімдер арасында биылғы Ролан Гарростың чемпионы, рейтингіде көш басында тұрған америкалық Кайлан Бигуннан ұтылып, ширек финалдан тыс қалды – 7:6 (7:4), 0:6, 4:6.
Әмір ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге жұптық сында жарыстың 3-ракеткалары, америкалықтар К.Бигун – Джаггер Личтен аса алмады – 6:7 (5:7), 3:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Уимблдонда Елена Рыбакинаның финалдан тыс қалғанын жазған болатынбыз.