Сарапшылардың пайымдауларынша, қолжазба кемінде 15 мың фунттан (20 мың АҚШ доллары шамасында) астам қаржыға сатылмақ.
«Біздің қазіргі ұранымыз» өлеңі 1889 не 1900 жылдары Черчилльдің әскери борышын өтеу кезінде жазылды. Бала шағында ол өлең шығарып, ақындар сайысында мектептің сыйақысын иеленген екен. Ал есейген соң, Черчилль тек прозаға үйір болған. 1953 жылы ол әдебиет саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты атанды.