Уиткофф Дохада израильдік тұтқындардың отбасыларымен кездеcті
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф радикалды палестиналық ХАМАС қозғалысы Газа секторында ұстап отырған израильдік тұтқындардың отбасыларымен Дохада кездесті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
Еске сала кетейік, Стив Уиткофф Дохаға Дональд Трамп делегациясының құрамында барған болатын.
— Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофф, Катардың ресми тұлғалары сондай-ақ тұтқындардың отбасы мүшелерімен кездесу өткізді, — деді Al Jazeera арнасына сұхбат беруші.
Телеарна дерегінше, кездесу 2,5 сағатқа созылған.
— Оның айтуынша, жуырда Газа секторынан босатылған, АҚШ азаматтығы да бар израильдік тұтқын Идан Александр денсаулығына байланысты Дохаға келе алмаған, — деп хабарлады арна дереккөзге сілтеме жасап.
Бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Уиткофф жұма күні Рубиомен бірге Стамбулға баратынын растаған еді.