Трамп бұл туралы Ақ үйде журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде мәлімдеді. Ол Уиткофф пен Кушнерді «екі тамаша келіссөз жүргізуші» деп атады.
– Олар керемет жұмыс істеп жатыр. Біз оларды қандай да бір нәтижеге қол жеткізе аламыз ба, соны анықтау үшін жібердік. Бұған қол жеткізуге жақсы мүмкіндік бар деп ойлаймын, – деді Дональд Трамп Украинадағы жағдайды реттеу жөніндегі күш-жігерге қатысты пікір білдіріп.
Бұған дейін ТАСС дереккөзі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнердің 5-6 қыркүйекте Мәскеу мен Киевке баруды жоспарлап отырғанын хабарлаған.
Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль америкалық келіссөз жүргізушілермен Ресей тарапының байланыстары болған жағдайда бұл туралы ақпарат беретінін мәлімдеді.