Бұдан былай қала бойынша саяхат барысында туристерге танымал әнші қайтыс болған қонақ үйді көру ұсынылады, деп жазады америкалық баспасөз басылымдары.
Сонымен қатар экскурсия жетекшілері әншінің өмірі жайлы айтып беретін болады. Дегенмен, оның өлімінің себептері туралы сөз қозғамайтын көрінеді.
Жуырда Whigham жерлеу бюросының өкілдері У. Хьюстонның жерлеу рәсімі сенбі күні, 18 ақпанда Ньюаркада өтетінін хабарлады. Әнші өзі бала кезінде хорда ән айтқан Нью-Хоуп баптистік шіркеуінде жерленеді. Расталмаған ақпарат бойынша, жерлеу рәсімі жабық түрде өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, У. Хьюстон 11 ақпанда Беверли-Хиллз қаласының Beverly Hilton қонақ үйінде қайтыс болған еді. Әнші жуынатын бөлмеде, судың ішінен табылды.