Белгілі болғандай, 27 қаңтарда Бобби Кристина Браун басқарған Jeep Liberty көлігі өзге автомобильмен соқтығысқан. Салдарынан екінші көлік жүргізушісі мен Браун көлігінің жолаушысы жапа шеккен.
Төрт күннен кейін әншінің жалғыз қызы есінен танған күйде су толған ваннадан табылды. Ол 13-күн қатарынан комада жатыр.
Жуырда БАҚ Браун есінжиды деп хабарлаған. Сондай-ақ полиция 21 жастағы қыздың бетінен ісіктер тапқан. Алайда оның досы Ник Гордон бұл ісіктер оның есін жиғызу үшін жасалған әрекеттер салдары деп отыр.