Әншінің мәйітін сою арқылы жасалған медициналық сараптама оның өкпесіне су толғанын анықтады, деп хабарлады newsru.com. сайты.
Бұл факт Уитни Хьюстон суға толы ваннада ұйықтап кетіп немесе есінен танып, тұншығып өлген болуы мүмкін деген болжамға келеді.
48 жастағы Уитни Хьюстонның өлімінің себептері жайлы нақты болжамдар жасау әлі ерте. Дегенмен, полиция әнші қайтыс болар алдында ішімдік ішкенін анықтады.
Сонымен қатар әнші тоқтаған Beverly Hilton қонақ үйінің бөлмесінде депрессияға қарсы "Xanax" дәрмегінің 6 құтысы табылды. Препаратты ішімдікпен бірге қолданғанда оның кері әсерлері болуы мүмкін. Мысалға, адам ұйықтап кетеді немесе есінен танады.