Ол осы сәтке дейін есін жиған жоқ.
Тергеушілер ес-түссіз жатқан қыздың денесінен жарақат іздерін тапқаннан кейін оның таныс жігітінен күдіктенген. Бірақ оның қастандық жасағаны туралы еш мәлімет жоқ.
Айта кетейік, 31 қаңтарда Бобби Кристина Браун су толы ваннада есінен танып жатқан жерінен табылған. Қазір ол аппараттың көмегімен тыныс алып комада жатыр. Еске сала кетейік, Уитни Хьюстонның 2012 жылы 11 ақпанда Беверли Хиллздегі қонақүйлердің бірінен мәйіті табылған. Ол да суға тұншығып қайтыс болған еді.