ҰҚА қызметкерлері қызмет бабын әйелдерін аңдуға пайдаланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі арнайы қызметтердің қылмыскерлерді аңду жөніндегі жүргізген кейбір құжаттарын жария етті, онда ведомство қызметкерлерінің қызмет бабын жеке мақсатқа пайдаланғаны анықталды.

Қауіпсіздік мақсатында құжаттар түзетілген: адамдардың аты-жөндері, күндер және көптеген атаулар құпия ұсталған. Дегенмен есептен мысалға ҰҚА қызметкерлерінің бірі қылмыскерлерді аңдуға тиісті бағдарламалармен жұбайының телефондарына шалынған қоңырауларды анықтауға тырысқанын анықтауға болады. Ал тағы бір офицер шетелде жұмыс жасайтын әйеліне аңду ұйымдастырған. Тексеру қорытындысымен оның шені төмендетілді және уақытша жалақысы азайтылды, деп хабарлады Утро.ру .

Тағы бір ҰҚА қызметшісі бір ай бойы шетелдік көңілдес әйелінің телефонын тыңдаған. Ал тағы бір жағдайда ҰҚА қызметкері қателесіп, шетелдік агенттің орнына өзіне аңду орнатуды талап еткен.