Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, инфляцияны 6-8 пайыз шегінде ұстап тұрға тырысатындығын баса айтқан ол: «2014 жылғы қаңтарда жылдық инфляция 4,5 пайыз болды. Ақпанда оның деңгейі 5,4 пайызға дейін өсті», - деді.
Төраға орынбасарының атап өтуінше, бұл ұлттық валюта бағамын түзетуге байланысты орын алған.
«Үкімет пен Ұлттық банк 2014 жылдың 1 мамырына дейін инфляцияны орта мерзімде 3-4 пайызға дейін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін әзірлейді. Бұл шаралар іске асса, экономиканың үдемелі өсуі сақталады», - деді Қ.Қожахметов.