Бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындыларына арналған Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов осылай айтты.
Оның сөзіне қарағанда, мамырда өтетін Үкімет отырысында жұмыспен қамтудың дағдарысқа қарсы бағдарламасын қабылдау бойынша мәселе қаралады. Оның аясында қосымша 30 млрд. теңге бөлінбек.
«Біз 2009 жылдың «Жұмыспен қамту» бағдарламасын жаңғыртуға ниеттіміз. Толық құрылыстарға негізделген қаржының дені білім, денсаулық сақтау, мәдениет секілді әлеуметтік жобаларды жөндеуге аударылады», -деді С. Ахметов.
Премьер-Министрдің айтуынша, облыстық және Астана мен Алматы қалаларының бюджеттері аясында оңтайландыру жүргізу қажет. «Қазіргі кезде біз осымен Үкіметте айналысудамыз. Бұдан кейін, мамырда бюджет нақтыланады»,-деп түйді ол.