Үкімет 2010-2012 жылдардың нақтыланған бюджетін қабылдады
11:00, 08 Қыркүйек 2010
А Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Министрлер кабинеті ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев таныстырған «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.
Отырыс барысында Үкімет мүшелері дауыс беріп, аталған заң жобасын бірауыздан қабылдады. Ал ҚР Премьер-министрі осы құжатқа қол қойды.