Бағдарламадағы жұмыс жасыл экономиканы дамыту, қоршаған орта мен денсаулық компоненттеріне антропогендік әсерді төмендету, табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін дамыту және жетілдіру сынды төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады.
Бағдарламаны жүзеге асыруға жалпы алғанда 350 млрд. теңге бағыттау көзделіп отыр. «Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде келесі көрсеткіштерге қол жеткізу жоспарлануда. Атмосфераға зиянды заттар шығарындыларының төмендеу пайызы 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемінде 5,9 пайызды құрайды. Ластағыш заттар төгінділерінің деңгейі 2009 жылмен салыстырғанда 2014 жылға кемінде 3,5 пайызды құрайды. 2014 жылға қалдықтардың түзілуіне оларды қайта өңдеу үлесі 22 пайызды құрайды. Парниктік газдардың жылдық шығарымдылары көлемінің төмендеуі 2014 жылға 1992 жылға қарағанда 1 пайызға жететін болады. Киіктер санының өсуі 2014 жылға 10 пайызды құрайды. Орман отырғызу көлемінің жыл сайынғы ұлғаюы 2014 жылға 65 мың гектарды құрайтын болады», деді Н. Әшімов.