Үкімет 2010 жылы балабақша тапшылығы мәселесін шешуге бел шеше кірісетін болады - К. Мәсімов

None
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Үкімет 2010 жылы еліміздегі балабақша тапшылығы мәселесін шешуге бел шеше кірісетін болады.  

Бұл туралы бүгін Астанада бұқаралық ақпарат құралдарымен болған брифингте Үкімет басшысы  Кәрім Мәсімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысының тікелей эфирінен кейін осы жылдың соңында біз балабақша тапшылығы мәселесін шешуге бел шеше кірісіп кеттік. Президенттің тапсырмасы бойынша бұл мәселені мен жеке бақылауымда ұстап отырмын. Біз 2010 жылы балабақша тапшылығын шешу үшін бұл жұмысты ілгерілететін боламыз», деді брифингте Премьер-Министр.