Ұлттық валюта бағамының өзгеруі жағдайында Үкімет облыс әкімдерімен бірлесе халықтың әлеуметтік ахуалына теңге бағамын өзгеруінің ықпалын төмендету мен отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша шараларды қабылдап жатқандығына тоқталған С. Ахметов: «Азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында Үкімет тарапынан 2014 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек бағаның шекті мәні бекітіледі», - деді.
Осы орайда Премьер-Министр әкімдерге өңірлік тұрақтандыру қорларының мүмкіндігін барынша пайдалану тапсырылғанын атап өтті.