«2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауды іске асыру мақсатында әзірленген. Стратегиялық даму жоспары Қазақстанның 30 дамыған ел қатарына кіру жолында «Қазақстан-2050» стратегиясын іске асыруға бағытталған орта мерзімді мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бірінші деңгейдегі құжаты болып табылады. Осы құжат негізгі мақсаттарына қол жеткізілген 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының орнына әзірленді», - деді жоспарды таныстырған министр.
Оның айтуынша, стратегиялық жоспар отандық және халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдерін кеңінен тарту арқылы әзірленді. Жеке сұхбат және дөңгелек үстелдер өткізілді. Халықтың пікірлерін жан-жақты ескеру және негізгі ережелерді түсіндіру мақсатында өңірлерде де жұмыстар жүргізілді.
«Ұсынылған стратегиялық жоспардың жобасы Үшінші жаңғырудың міндеттерін шешудің кешенді жоспары болып табылады. Ол тек экономикалық жаңғыруға ғана емес, сонымен қатар институционалдық және әлеуметтік жаңғыруға қатысты мәселелерді қамтиды. Осы құжат Мемлекет басшысының стратегиялық бастамаларын іске асыруға бағытталған. Олар - 2050 Стратегиясы, Ұлт жоспары, Қоғамдық сананы жаңғыруы. Стратегиялық жоспар Қазақстанның 2025 жылға дейінгі кешенді даму мақсатын айқындайды. Мұндағы мақсат Қазақстанның әлемнің 30 дамыған елдер лигасына кіру жолында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде сияқты халықтың өмір сапасын жақсарту және экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу», - деді Тимур Сүлейменов.