ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
Астана, Үкімет Үйі, 2011 жылдың 1 желтоқсанынан, №1430
«Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне материалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
- 1. Қоса беріліп отырған «Адамға әсер ететін физикалық факторлар (компьютерлер мен бейне материалдар) көздерімен жұмыс істеу жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілсін.
- 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.
Санитарлық талаптардың мәтіні республикалық басылымда жарияланған.