Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттардың бірауыздан қолдауымен Үкімет басшысы лауазымына тағайындалған Кәрім Мәсімов БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты.
Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Мемлекет басшысы лауазымына кіріскен күні Парламент Мәжілісінде кандидатурасын Үкімет басшылығына бекітуді енгізгенін атап өткен К. Мәсімов: «Парламент өз келісімін берді. Бүгін Мемлекет басшысы өз Жарлығымен мені Премьер-Министр қызметіне бекітті», - деді.
Премьер-Министр Елбасының ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде ағымдағы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында, «Нұр Отан» партиясының съезінде берген тапсырмаларға сәйкес Үкімет қабылдаған құжаттар мен бағдарламалардың орындалатындығын баса айтты.
«Қазіргі уақыттағы Үкімет алдында тұрған басты міндет - жүктелген барлық тапсырмаларды жүзеге асыру», - деді К. Мәсімов.