Үкімет әлеуметтік маңызы бар 10 тауардың бағасын қадағалайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қымбаттауы жөнінде баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынанбастап, инфляция 4-6% дәліз шегінде сақталуда. Жылдық инфляция 5,4% деңгейіндеқалыптасты, ал 2018 жылдың шілдесінде ол 5,9% құраған. Инфляцияның өсуіне еңкөп әсер еткен - азық-түлік тауарлары. Олардың инфляция өсіміне қосқан салымы3,4 проценттік тармақты құрады. Бұл тауарлар бағалар өсуінің шамамен 63% құрады»,- деді министр Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша,барлық өңірлерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасыинфляциядан асады.

«Әсіресе,әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарлары 9% ұлғайған. Ең жоғары өсуНұр-Сұлтан (15,1%), Жезқазған (11,8%) және Талдықорған (10,4%) қалаларындабайқалады. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында сәбіз (2,4 есе), пияз (85,5%), картоп(82,4%), күріш (21,6%) және ұн (20,8%) қымбаттады», - деп өз сөзін жалғастырдыР. Дәленов.

Жалпы,республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арасында пияз(79,0%), сәбіз (59,3%), картоп (32,9%), күріш (23,8%), бірінші сұрыпты ұн(15,3%) бағалары айтарлықтай өскен. Тауарлар бағасына талдау жүргізілгенде,тұтынушылар бағасының өндірушілердің немесе импорттық бағалардан едәуір жоғарыекені анықталған.

«Мысалы,сәбізді өндіруші бағасы 67 теңге болса, нарықтағы сату бағасы 151 теңгеніқұрайды. Үстеме баға ретінде 84 теңге қосылған. Біз биыл инфляцияны берілгендәлізде ұстап қалу үшін 10 тауарды анықтадық. Бұл пияз, сәбіз, картоп, қызылша,күріш, ұн, жылқы еті, қой еті, сиыр еті және нан. Тауарлардың осы тобы бойыншакүшейтілген бақылау жүргізу, сондай-ақ олардың бағаларын төмендету бойыншашаралар қабылдау ұсынылады» - деді Ұлттық экономика министрі.

Соңғы жаңалықтар