Үкімет "Алкоголь өніміне ең тө­менгі бағалар белгілеу туралы" қаулыға өзгерістер енгізді

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Үкімет "Алкоголь өніміне ең тө­менгі бағалар белгілеу туралы" қаулыға өзгерістер енгізді.

Қаулыға енгізілген өзгерістерге сәйкес, алкоголь өнімін бөлшек сату бағасы (теңге/литр) 500 теңгеден 600 теңгеге ұлғайтылды. Айта кетейік, алкоголь өнімінің түрлеріне арақтар және айрықша арақтар, күшті ликер-арақ бұйымдары және басқа да күшті алкоголь ішімдіктері жатады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2011 жылғы 23 ақпан №173 Астана, Үкімет үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қазандағы № 1592 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және ай­на­лы­мын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы­ның 3-бабының 4-тармағына сәй­кес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Алкоголь өніміне ең тө­менгі бағалар белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі­нің 1999 жылғы 23 қазандағы №1592 қаулысына (Қазақстан Республикасыныі ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 49, 475-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосым­шада:

2-бағандағы «500» деген сандар «600» деген сандармен ауысты­рыл­сын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.