Үкімет Астананың ХХІ ғасыр қаласына, еліміздің мақтанышына айналуы үшін бар күш-жігерін жұмсамақ

АСТАНА. 3 маусым. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Біз әкімдікпен бірлесіп, Астананың ХХІ ғасыр қаласына, еліміздің мақтанышына айналуына және бүкіл Қазақстанға үлгі болуына барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Бүгін Астана қаласының келешектегі дамуына арналған кеңесте Үкімет басшысы К.Мәсімов осылай деді.

Премьер-Министр Елбасы Н.Назарбаевтың бүгінгі алқалы жиындағы барлық тапсырмаларының, оның ішінде, электр энергетикасын дамытумен, жылумен қамтумен және азық-түлікпен қамтамасыз етумен байланысты мәселелердің орындалатындығына уәде берді. Сондай-ақ ол, жылумен жабдықтау жүйесін дамытуға байланысты мәселелер қыркүйектегі бюджетті нақтылауға арналған кеңесте қарастырылатындығын атап өтті.