Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекеттік ресурстарға сатып алынатын астықтың сапа көрсеткіштері:
заттай өткізу көрсеткіші - 710 г/л және одан жоғары, басқа сапа көрсеткіштері - ҚР СТ 1046-2008 «Бидай. Техникалық жағдайлар» 3 сынып үшін нормалардан төмен емес.
Астықты мемлекеттік ресурстарға 2013 жылғы егіннен сатып алу азық-түліктік астықтың мемлекеттік резервін жаңарту, азық-түлік қауіпсіздігін, астық нарығын жедел реттеу және республиканың жұмылдыру қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта мемлекеттік астық ресурсына жеткізілетін астықтың сатып алу бағасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы мүдделі органдарда келісу процедурасынан өтуде.