Үкімет басшысы 2010 жылы басталған ҮИИДБ табысты болды деп есептейді

None
ТАНА. 20 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы басталған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы табысты болды.

Бүгін «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының отырысында сөйлеген сөзінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осылай айтты.

«Биылғы бірінші жартыжылдықтың соңында 914 млрд. теңгенің 227 жобасы іске қосылды. Осы орайда 29 мың тұрақты жұмыс орны құрылып, 100 млрд. теңгеден астам қаржыға өнім шығарылды. Ал екінші жартыжылдықта 617 млрд. теңге көлеміндегі қаржыға тағы да 129 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл тұрғыда 14,5 мың тұрақты жұмыс орны құрылады»,-деді Үкімет басшысы.

Осы орайда К. Мәсімов ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылып жатқанын айтып өтті. Олардың ішінде Балқаш жылу электр стансасының, «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының, «Жетіген-Қорғас», «Өзен-Түрікменстан шекарасы» темір жол желісінің, «Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ» газ құбырының құрылыстары ескерілген.