Үкімет басшысы Ақтөбеде ұяшықты бетоннан жасалған өнімдер шығаратын зауыттың ашылуына қатысты

None
АҚТӨБЕ.   Желтоқсанның  20-сы.  ҚазАқпарат /Мирал  Жармұхамбетов/ - Үкімет басшысы  Кәрім Мәсімов    жексенбі,   желтоқсанның 20-сы  күні «Ақтөбеқұрылысиндустрия»  акционерлік қоғамының  ұяшықты  бетоннан   жасалған   өнімдер шығаратын     зауытының  салтанатты  ашылу  рәсіміне  қатысты.

Бұл жоба    құрылыс  материалдары  өнеркәсібін  дамытудың аймақтық  бағдарламасы  аясында    жүзеге асырылып, «Қазақстанның   инвестициялық   қоры»  акционерлік     қоғамы мен  «Қазақстанның Даму банкі»  акционерлік қоғамының    қаржыларының есебінен   жүзеге асырылып отыр.

Зауытта германиялық «Маза-хенке»   технологиясы  бойынша 30-дан астам   өнім түрі   шығарылады.   Қазіргі таңда   зауыттың  жылдық қуаты   170 мың    шаршы метрді   құрап  отыр.  Келешекте бұл көрсеткішті 250  мың текшеметрге жеткізу  жоспарлануда.   Жобаны   жүзеге асырудың  нәтижесінде 230-дан астам жұмыс  орны құрылып отыр.

Үкімет басшысына   зауыт қабырғасында сондай-ақ,   Ақтөбе  облысы   құрылыс индустриясының көрмесі    таныстырылды.    Көрмеге   инновациялық  технологиялар бойынша   өнімдер  шығаратын   құрылыс индустриясы  саласының    12 ірі    кәсіпорны қатысуда.