Үкімет басшысы әлеуметтік желілерде жеке беттерін ашты

АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат /Гүлнәр Жандағұлова/ - Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Facebook және Twitter әлеуметтік желілерінде ресми аккаунттар ашып алды. Бұл туралы Үкмет басшысының блогында хабарланды.

«Мен өз беттерімді Facebook мен Twitter-де, On.kz және Ilike.kz қазақстандық әлеуметтік желілерінде ашып алдым. Менің әлеуметтік желілердегі жеке беттерімді ашуымды Қазақстан мен бүкіл дүниежүзіндегі адамдармен тікелей байланыс орнатудың жолы деп білемін. Мен сіздермен диалог орнатуға дайынмын. Маған қосылыңыздар!», - деп жазыпты өз блогында К.Мәсімов.

Сондай-ақ YouTube желісінде бейнетүсірілімдер көріп, Flickr.com сайтынан Үкімет басшысының жұмысы мен елдегі аса маңызды оқиғалардан хабардар беретін суреттерді тамашалауға әбден болады.

Twitter - пайдаланушыларға 140 символға дейінгі қысқа мәтіндік хабарламалар жіберуге мүмкіндік беретін жүйе. Twitter-дің ерекшелігі онда жарияланған хабарламалар жалпыға бірдей болып, оны блогтармен жақындастыра түседі.

Facebook - 2004 жылы құрылған әлеуметтік желі.