Үкімет басшысы Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті мен Қысқы Азияда ойындары кезінде 4G стандартындағы жүйені іске қосуды тапсырды

АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов алдағы желтоқсанның 1-2-сі күндері Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті және 2011 жылы Астана мен Алматыда болатын VII Қысқы Азия ойындары кезінде 4G стандартындағы жүйені іске қосуды тапсырды. Бұл тапсырманы Премьер-Министр бүгін Астанада 4G ілкі жобасын іске қосуға арналған бейне конференция барысында жүктеді.

Премьер-Министр Байланыс және ақпарат министрлігіне аталған мәселе бойынша алдағы аптада Үкіметте арнайы отырысты даярлауды тапсырды. «Аталған ілкі жобаны ЕҚЫҰ Саммиті мен Азиаданы өткізу кезінде, яғни қаңтардың аяғына дейінгі мерзімде ұзартуға мүмкін бола ма? Осы орайда барлық қажетті шешімдерді әзірлеңіздер»,-деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар К. Мәсімов республика бойынша LTE технологиясына көшу мәселесіне тоқталды. «Себебі, біз 3G технологиясымен шамалы кешеуілдеп қалдық. Бір жағынан алып қарағанда бұл жаман, ал екінші жағынан қарасақ - бұл бізге 3G арқылы бірден LTE жүйесіне көшуге мүмкіндік береді»,-деді Үкімет басшысы.

Өз кезегінде Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев бұл технолгия жұмыс істеу үшін өзіне қарасты ведомство Қорғаныс министрлігімен тиісті мәселелерді қарастырып жатқандығын жеткізді. «Ауылды жерлер үшін біз кең жолақты интернетті орнату тұрғысындағы жұмыстарды атқарудамыз және осыған 3G технологиясын пайдалануды жобалап отырмыз»,-деді министр.

Сонымен қатар А. Жұмағалиев биылғы желтоқсаннан бастап K-cell және K-mobil компанияларымен бірлесе Астана мен Алматы жұртышылығын, сондай-ақ ЕҚЫҰ саммиті мен Азиаданы 3G технологияларымен қамтамасыз ету мүмкіндігі болатын атап өтті.

Айта кетейік, LTE желісі ілкі жобалық режимде бүгінде Алматының орталық аудандарын қамтиды. Бүгін, қазанның 26-сы күні Alcatel-Lucent компаниясы мен (Euronext Paris и NYSE: ALU) «Вымпелком Лтд.» (NYSE: VIP) тобына кіретін, Қазақстанда өз қызметтерін Beeline сауда белгісімен ұсынатын - «КаР-Тел» ЖШС компаниясы, пост кеңестік кеңістікте 700 МГц жиілік диапазонында жұмыс істейтін тұңғыш LTE желісін іске қосқанын жария етті. Alcatel-Lucent жаңа желі үшін жабдықтарды жеткізуші болып табылады. LTE желісі Қазақстанның оңтүстік астанасы - Алматының орталық аудандарына таратылатын болады.