«"Kazenergy" VI Еуразиялық форумының ашылуында сөз сөйледім», - деп жазды Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Тwitter-дегі жеке парақшасында.
Еске сала кетсек, Астанадағы Тәуелсіздік сарайында VI KAZENERGI Еуразиялық форумы басталды.
Аталмыш шара биыл елімізде «Қазақстан: 20 жыл орнықты даму, инвестициялар мен тұрақты ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері» атты тақырыпта өтеді. Форумның бірінші күні VI KAZENERGI Еуразиялық форумы шеңберінде үш пленарлық отырыс өткізіледі. Сондай-ақ форум шеңберінде «Мұнай-газ саласына инвестиция салу» мәселесі талқыланады. Аталмыш секцияны «Euronews» телеарнасының жүргізушісі Ниал О Рэйли жүргізеді. Сондай-ақ форумда әлемнің әйгілі компанияларының топ-менеджерлері Қашаған кенішіндегі өндіріс, экстремалды суық жағдайларда мұнай операцияларын жүргізу, Қарашығанақ кенішінде сұйық көмірсутегін өндірудің жаңа мүмкіндіктері сияқты мәселелер төңірегінде пікір алмасады.
Сондай-ақ форум шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылады деп күтілуде.