Үкімет басшысы Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатысты

ТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бүгін Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатысты.

«Атырау, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының жетістіктері қойылған көрменің таныстырылымына қатыстым», - деп жазды бүгін Үкімет басшысы Twittter-дегі жеке парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Астанада өтіп жатқан ел өңірлерінің күндері аясында ұйымдастырылды. Көрмеге үш облыстың ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, қолөнер, тау-кен өндірісі сияқты экономиканың көптеген салалары бойынша өндірілген өнімдері қойылған.