Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 2 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігі мен барлық әкімдерге көктемгі егістік жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, барлық қажетті егістік жұмыстарын, міндетті жанар-жағармайды және басқа да материалдық-техникалық ресурстарды сапалы қамтамасыз етуді, басымдықты ауыл шаруашылығы дәнді дақылдары алқаптарын кеңейту бойынша шараларды қабылдауды тапсырамын»,-деді С. Ахметов.

Сондай-ақ, Үкімет басшысы Мұнай және газ министрлігіне бекітілетін кесте мен қол қойылған меморандумға сәйкес қажетті көлемдегі дизель отынымен өңірлерді үздіксіз қамтамасыз ету бағытындағы барлық шараларды қабылдауды жүктеді.