Үкімет басшысы Австралия Елшісін қабылдады

None
АСТАНА. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Австралияның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстан Республикасындағы Елші қызметін қоса атқарушы Маргарет Тумимен кездесті,
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Үкіметтің баспасөз қызметінен.Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай дамыту, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы қолда бар әлеуетті іске асыру, табиғи байлықты игеру, сондай-ақ, білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тақырыбына айырықша назар аударды.К.Мәсімов пен М.Туми әлемдік экономикалық ахуал және жаһандық қаржы дағдарысына қарсы тұруда бірлескен іс-қимылдардың мүмкіндіктері жайында пікір алмасты.Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Австралия арасындағы ынтымақтастықтың әрі қарай да тығыз дамитынына сенім білдірді.