Үкімет басшысы «Балапан» телеарнасының іске қосылу рәсіміне қатысады
11:29, 23 Қыркүйек 2010
АСТАНА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ертең, қыркүйектің 24-де ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов пен Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Астанадағы «Думан» көңіл көтеру орталығында «Балапан» Қазақстандағы тұңғыш балалар телеарнасының іске қосылу салтанатына қатысады.
Байланыс және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының базасында құрылған бұл жаңа телеарна кабельдік желіде мемлекеттік тілде шығатын болады. «Балапан» балалардың көңіл көтеретін-танымдық телеарнасы 3 жастан 15 жасқа дейінгі ең жас қазақстандық аудиторияға арналған.