Үкімет басшысы банктердің капиталынан «Самұрық-Қазына» қорының шығу жолын іздестіруді жүктеді
13:00, 24 Қаңтар 2011
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов банктердің капиталынан қордың шығу жолын іздестіруді жүктеді.
«Ұстанымды мақсат-ол банктердің капиталынан шығудың жолдарын табу, сондай-ақ мемлекет тарапынан салынған ресурстарды қайтару»-деді Премьер-Министр. Үкімет басшысының пайымдауынша, жеке секторды қатыстыру арқылы банктер корпоративті басқару ұстанымы бойынша жұмыс істеуі тиіс.