аусымның 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бір ғана адамның мемлекеттік бағдарламалар аясында бірнеше мәрте пәтер алуы фактілерін тексеруді тапсырды.
«Пәтер бөлу тұрғысында бір ғана адамның түрлі бағдарламалар бойынша пәтерді бірнеше мәрте алуға қауқарлы екені туралы ақпарат келіп түсуде. Мұндай фактілер бар ма, әлде жоқ па?», деді Үкімет басшысы.
«Атап айтқанда, Ппемьер-Министр Кеңсесіне бұл мәселе бойынша комиссия құрып, осыған байланысты фактілердің барлығын тексеріп, оның нәтижесін маған енгізуді тапсырамын. Бұл шараларға 1 ай уақыт беріледі», деп қадап айтты К. Мәсімов.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.