Бүгін «Атамекен» ҰКП төралқасының кеңейтілген отырысында Премьер-Министр осы рейтингте елімізді жоғары орынға көтеру үшін үш жылда ауқымды жұмыстар атқарылғанын атап өтті.
«Өткен жылдың қорытындысы бойынша біз 35-орында болдық, ал биыл 36-орындамыз. Шынын айтқанда, біз алғашқы жиырмалықтың арасында тұғырланамыз деп болжаған едік. Себебі депутаттардың қолдауымен бүгінде «Doing Business» бойынша алтыншы түзетулер пакетімен кірдік. Биыл көптеген баптармен кірдік, бірақ бір орынға шегініп кеттік. Рейтингтің бір пункті бойынша әлемде жалпы бірінші орынды иелендік. Нәтижесінде, өткен жылы біз құрылыс бөлігінде алға қарай 100 пунктіге серпілген кезде, біздің «қажырлы» қызметкерлер кейбір нәрселерді жасырғаны анықталды. Құқық қолдану шаралары басталған кезде, осының барлығы ашылды. Осы анықталғанның барлығы бізді бір пунктіге артқа қарай тартты. Осы орайда орын алған жағдай бізді қынжылтты. Атап айтқанда, бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылған болатын», - деді Үкімет басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта жағдайды түзету тұрғысында тиісті шаралар жүзеге асырылып жатыр.
«Бүгінде аталған кемшілікті түзетіп жатырмыз. Алдағы жылы бұл тұрғыдағы ахуал басқаша болады деп ойлаймыз», - деді ол.