Үкімет басшысы электр энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда шапшаңдатуды тапсырды

None
АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін «Самұрық-Қазына» қорының алқа мәжілісінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов электр энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды шапшаңдатуды тапсырды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бізде электр энергетикасы саласында олқылықтар бар. Бұл мәселені бақылайтын органдардан Үкімет тиісті шешімдерді күтеді», деді алқада К. Мәсімов.Осы орайда Премьер-Министр Балқаш жылу электр орталығы бойынша тендерді аяқтап, оның құрылысын бастау қажеттігін, Екібастұз ГРЭС-ін және басқа да энергетикалық нысандарды кеңейтуді қолға алу керектігін атап көрсетті. «Сіздерден Мемлекет басшысы нақты шешімдерді күтіп отыр. Ырғалып жүретін уақыт жоқ. Оның үстіне дәл қазіргі кезеңде жаңа жұмыс орындарын ашу аса маңызды», деді Үкімет басшысы бұл мәселеге жауаптыларға қаратып айтқан сөзінде.