Үкімет басшысы Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі жағдайда еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтары арқылы Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты үлкен мүмкіндіктер береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі жағдайда еліміздің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін Қазақстан, Әзербайжан, Грузия, Түркия аумақтары арқылы Еуропа елдеріне өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты үлкен мүмкіндіктер береді. Осы тұрғыда Ақтау және Құрық теңіз порттарын одан әрі Баку-Тбилиси-Карс теміржол желісі арқылы жүктерді жөнелту бойынша белсенді пайдалануды ұсынамыз», - деді ҚР Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Еске салсақ, бүгін «Rixos President Astana» қонақ үйінде Қазақстан-Түркия бизнес-форумы өтіп жатыр.