Бұл туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қостанай қаласындағы перзентхананы аралау барысында мәлім етті.
«Салауатты өмір салтын насихаттау - өте маңызды іс, себебі бізде: «мен ішімдік іштім, шылым шектім, ал дәрігер мені емдеп шығаруы керек» деген ой қалыптасқан. Адам өзі салауатты өмір сүруге бейімделуі тиіс», - деді К.Мәсімов.
Сонымен қатар Премьер-Министр, денсаулық сақтаудың мінсіз бағдарламасы әлемнің ешбір елінде жоқ екендігіне, бірақ Қазақстанға ең үздік әлемдік тәжірибені қолдану қажет екендігін атап көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Үкімет басшысы Қостанай облысында жұмыс сапарымен жүр.