Үкімет басшысы іске қосылатын битум зауыты мен Батыс Қытай-Батыс Еуропа көлік дәлізі құрылысын өзара байланыстыруды тапсырды

None
АНА. Қарашаның 3-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов іске қосылатын битум зауыты мен Батыс Қытай-Батыс Еуропа көлік дәлізі құрылысын өзара байланыстыруды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетовтың айтуынша, битум зауытының 2010 жылдың соңына дейін салынуы жоспарланып отыр.

 «Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізінің құрылысы мен битум зауытын салу өзара байланыстырылған ба?»,  деген Үкімет Басшысының сауалына Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов: «Аталған көлік дәлізіне 400 мың тонна битум қажет болады. Жолдың үстіңгі қабатына төселетін битум 2011 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап пайдаланылады. Сол уақытқа дейін зауыт іске қосылады»,  деп жауап берді.