Үкімет басшысы Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті

Фото: None
АСТАНА. Шілденің 2-сі. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Испанияның Сыртқы істер министрі Мигель Анхель Моратинос бастаған Испания Корольдігінің делегациясымен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Испания арасындағы сауда - экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуға қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

М.Моратинос бүгін Астана қаласында өткен экономика және өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-испания үкіметаралық комиссиясының төртінші мәжілісінің қорытындысы бойынша екі елдің арасында стратегиялық әріптестік туралы келісімге, сондай-ақ, екі жақты бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылғанын хабарлады.

Ол Испания Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп іске асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестік деңгейінде өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін атап өтті.