Үкімет басшысы қазақстандық астықты экспорттау мен азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді

АСТАНА. Тамыздың 26-сы. ҚазАқпарат - Бүгін күннің бірінші жартысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметі жанындағы Экономиканы жаңарту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Мемлекеттік комиссия мүшелері қазақстандық астықты экспорттау мәселелерін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ құрғақшылықтан зардап шеккен аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жүзеге асыру мәселелерін талқыға салды.

Сонымен қатар ҚР Үкімет басшысы К.Мәсімов көші-қон саясаты жөніндегі мәселелер бойынша кеңес өткізді. Заңсыз көші-қонға қарсы шаралар мен оралмандарды бейімдеу шаралары қарастырылды.