Бұл туралы Үкімет басшысы Twitter-дегі өз парақшасында жазды.
«В.Божко хабарласты. Батыс Қазақстан облысындағы жағдай туралы баян етті. Көмек көрсетіледі. Халықты қиын жағдайда қалдырмаймыз», - деді К.Мәсімов өз жазбасында.
Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстанның төрт ауданы мен Орал қаласының аумағын еріген қар суы басып қалған болатын. Жалпы есеппен екі жүздей үйді су басып қалған, қауіпті аумақтан 700-ден астам адам көшірілген.